Қазақстан жаңартылатын энергия көздерінің үлесін еселеуге ниетті

Қазақстан жаңартылатын энергия көздерінің үлесін еселеуге ниетті

Қазақстан жаңартылатын энергия көздерінің үлесін еселеуге ниетті. Қазіргі таңда елдегі баламалы қуаттың жалпы электр энергиясын өндіру көлеміндегі үлесі 7% құрайды. Ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 15%-ке дейін жеткізілмек. Яғни, елдегі «жасыл» энергия нысандарының саны артта түспек. Бүгінде республика аумағында жалпы қуаты 3,5 ГВт болатын 162 станция жұмыс істейді. Олардың қатарында жел, күн, су және биогаз электр станциялары бар. Сонымен қатар, Алматыдағы көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын 2026 жылдың соңына дейін газға көшіру жоспарланған. Бұл мәселені Президент Құрылтайда көтерді. Қасым-Жомарт Тоқаев энергетикалық жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін, ең алдымен газға негізделген қуаттарды жедел іске қосу қажет екенін атап өтті.

Сұнғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі

- Маңғыстау облысында «ҚазМұнайГаз» серіктестерімен бірге өз қажеттіліктері үшін гибридті станция салып жатыр. Онда күн, жел және газ электр станциялары біріктіріліп, бірін-бірі реттеп отырады. Күн мен жел болмаған кезде газ станциясы жұмыс істеп, бұл өңірді қажетті қуат көзімен жабдықтаудың сенімділігін арттырады. Сондай-ақ, біз энергия жинақтау жүйелерін де қатар дамытамыз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?