Қазақстан Президенті Халықаралық стандарттау ұйымының Бас хатшысы Серхио
Мухиканы қабылдады. Бұл жаһандық сауда, инновация мен орнықты дамудың негізін
қалыптастыратын беделді институт. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ISO-мен
бірге цифрлық трансформация, орнықты даму және цифрландыру секілді салаларда
бірлескен жобаларды іске асыруға әлеуеті мол екенін жеткізді. Өз кезегінде Серхио
Мухика ұлттық стандарттау жүйесі мен цифрлық технологияны дамыту бағытындағы еліміздің
күш-жігерін жоғары бағалады. Тараптар табысты ынтымақтастықты одан әрі
нығайтуға және бірлескен жұмыстардың жаңа бағыттарын дамытуға өзара ниет
танытты.

