Қазақстанда Каспийді қорғауға арналған институт ашылады

Қазақстанда Каспийді қорғауға арналған институт ашылады

Қазақстанда Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институты таяу арада өз жұмысын бастайды. Институт мамандары су қоймасы жай-күйінің сапасын бақылаумен айналысады. Сондай-ақ, Институтта теңiздiң таяздануымен күресу үшiн тиiмдi және пәрмендi ұсыныстар әзiрленетiн болады. Бейінді министрлік Каспийдің жағдайын қадағалауды жалғастырып, оны қорғау бойынша шаралар кешенін дайындауда. Ведомствоның мәліметінше, теңіздегі су деңгейі соңғы жылдың өзінде 26 сантиметрге төмендеген. Ғалымдар су деңгейінің төмендеуіне антропогендік әсерді зерттеумен, сондай-ақ өзендерден келетін су ағыны мәселелерін шешумен айналысады. Жалпы, институттың жабдықталуы мен жұмысына 850 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Астанада өткен халықаралық экологиялық конференцияда айтылды.


Дәулет Есмағамбетов, ҚР ЭБЖМ Экологиялық мәдениет және саясат департаментінің директоры:

- Қазір құрал-жабдықтарды сатып алуға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінуде, әкімдік бізге құрал-жабдықтар сатып алуға көмектеседі, сондай-ақ штаттық құрамды, яғни мамандардың өтемақылары мен ғимараттың шығындары республикалық бюджеттен бөлінеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?