Қазақстан мен АҚШ Президенттері Ақ үйде келіссөз жүргізді. Әңгімелесу
барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп өзара тиімді ынтымақтастықтың әлеуетті
бағыттарын нақтылады. Мемлекет басшысы Қазақстан Америка көшбасшысының
бітімгерлік бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді. Дональд Трамп Қазақстанмен
көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті екенін
растады.

