Сауалнама алушылар қалалар мен шағын елді мекендерде жұмыс істеп, 350 мыңнан астам қазақстандықтың пікірін білді. Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнамаға сәйкес, 6 партия 5 проценттік межеден өте алды. Үздік үштіктер көсшбасын «Аманат» партиясы бастап тұр. Оған қазақстандықтардың басым бөлігі – 53,46% өз дауысын берген. Екінші орында отандастарымыздың 10,52% дауысын жинаған, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы, сондай-ақ, сайлаушылардың 9% сеніміне ие болған бір топ кәсіпкерлерден құралған «Республика» партиясы келеді. Ал Демократия институтының сауалнамасының нәтижесі бойынша, 8,87% қазақстандық өз таңдауын «Ақжол» партиясына беріп, ол үшінші орынға жайғасты. «Аманат» партиясына ел азаматтарының шамамен 54%-ке жуығы дауыс берген. Қазақстандықтардың 11% астамы «ауылдықтарды» таңдап, екінші орынға тұрақтаған. Сонымен қатар СОЦИС-А кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының мәліметі бойынша үздік үштікке «Аманат», «Ауыл» және «Республика» партиялары енді.