Қазақстан мен Жапония стратегиялық әріптестікті нағайтады

Қазақстан мен Жапония стратегиялық әріптестікті нағайтады

Қазақстан Президенті мен Жапонияның сыртқы істер министрі Такеши Ивая сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму әлеуетін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония сыртқы саясат ведомствосының басшысының Астанаға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты арттыруға тың серпін беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жапония – біздің Азиядағы сенімді әрі жақын серіктесіміз. Токиомен жан-жақты ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге  баса мән беріп отырмыз. Ең алдымен Премьер-министр Ишибаға жылы ықыласымды жеткізуді сұраймын. Жоспарымыз бойынша Премьер-министр Ишиба Қазақстанға ресми сапармен келмекші. Біз күтіп, дайындалып отырмыз.  Біздің қарым-қатынасымыз жоғары қарқынмен дамып келе жатыр деп күмәнсіз айтуға айтуға болады.

Такеши Ивая, Жапонияның Сыртқы істер министрі:

- Қазақстан мен Жапония – халықаралық тәртіпті күшейтуге мүдделі стратегиялық серіктестер. Менің бұл сапарым екі ел арасындағы байланысты одан әрі дамытуға жол ашады деп ойлаймын.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?