Мемлекеттік кеңесші Қазақстан Парламенті Мәжілісіндегі алты саяси партияның фракция жетекшілерімен кездесті. Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай аясындағы бастамаларын жүзеге асыруға белсенді қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Мәселен, Атыраудағы отырыс ұсыныстарын жүзеге асыру үшін 9 заң қабылданды. Олардың қатарында әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құрметті атақтарды енгізу және тағы да басқалар бар. Мемлекеттік кеңесші аталған заңдар ішкі саясатқа байланысты жұмыстың тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ, қатысушылар Президенттің «Ana tili» газетіндегі сұхбатында айқындаған ішкі саясат саласындағы биылғы жұмыстың бағыт-бағдары туралы пікір алмасты.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

