Қазақстан мен Ветнам арасындағы құқықтық ынтымақтастық нығая түседі. Ел мәжілісі қос мемлекеттің өзара сотталған адамдарды беру туралы келісімін қабылдады. Осылайша, құжат жат елде қамалғандардың азаматтығына тиесілі құқықтары мен мүдделерінің сақталуына, жасалған құқық бұзушылық үшін жазасын өтеу орнын таңдауға ықпал етпек. Ол үшін екі елде де қылмыс болып саналатын әрекеттері үшін сотталған және өз еркімен қайтару туралы келісімі керек. Шарт тараптардың түрлі бағыттағы қарым-қатынастарының дамуын ескере отырып жасалды. Мәселен соңғы кездері Қазақстаннан Вьетнам еліне сапарлаған адамдардың саны күрт өскені байқалады. 2020 жылы бұл Оңтүстік Азия мемлекетіне мыңға тарта отандасымыз саяхаттап барса, тек биылдың 9 айында олардың саны 106 мыңға жеткен. Айта кетейік, бүгінде қос тарапта қылмысы үшін жазасын өтеушілер жоқ. Қазір Қазақстан 24 елмен дәл осындай келісім шарт жасасқан. Тек соңғы 5 жылда елден тысқары сотталған 160 азамат оралды. Оның 24-і биыл қайтарылды.
Ғалымжан Қойгелдиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
- Мемлекет үшін шетелде жүрген азаматтарды қорғау Конституция жүктеген
міндет. Себебі, Конституция елімізден тыс жерлерде азаматтарды қорғауға және
оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді. Осыған байланысты шетелде қылмыс
жасап бас бостандығынан айрыру мекемесінде жазасын өтеп жүрген азаматтардан бас
тартпаймыз. Олардың елімізде жазасын өтеу үшін бірқатар мемлекеттермен осындай
шарттарға қол қою жұмысын жасаудамыз. Бұл келісім шарттардың маңызы зор.
Әлеуметтік тұрғыдан қарасақ шетелде сотталған азаматтарымызды елімізге әкелу
туыстарынан қол үздірмей қоғамға тез бейімдеу оларға оң ықпал етеді.