Сауда-экономикалық
серіктестік, озық технологиялар мен су ресурстары саласындағы кооперация. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль Мемлекеті
Кнессетінің Төрағасы Амир Охананың кездесуі кезінде осы
тақырыптар талқыланды. Мемлекет басшысының айтуынша, Израиль
Парламенті спикерінің Қазақстанға сапары қазақ-израиль қарым-қатынасын
нығайтуға екі елдің де бейіл екенін растайды. Амир Охана екі елдің көпжоспарлы
байланыстарының табысты дамып, ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашып
келе жатқанына тоқталды.

