Франция
Қазақстанмен өзара ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге мүдделік танытуда. Саясаттанушылардың пікірінше, бұл ниеттері
сауда-экономикалық қарым-қатынаспен қатар мәдени-гуманитарлық байланыс әлеуетін
арттыруға да тікелей қатысты. Айтуларынша, бұған Францияның Президенті Эмманюэль
Макронның Астанаға сапары дәлел. Еске сала кетейік, былтыр Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде
тараптардың жаңа табысты әріптестігіне жол салған еді. Жалпы, соңғы 18 жылда Бесінші мемлекет
Қазақстанға 17 млрд доллар шамасында қаржы құйды. Сарапшылардың пайымынша, Еуропаның
екінші және әлемдегі жетінші экономикасы біздің елге одан әрі де инвестиция
салуға дайын. Қос елдің көлік, логистика, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, оның
ішінде жаңартылатын қуат көздері бағыттарын бойынша тиімді ынтымақтастық
орнатудың әлеуеті зор. Бұған қоса
Франция қазақстандық уран және сирек кездесетін металдарды импорттауға қызығушылық білдіруде.
Дина Айкенова, саясаттанушы:
- Франциядағы электр
генерациясының 80% атом энергетикасы есебінен жүзеге асырылады. Ол үшін шамамен
10 тоннадай уран қажет. Ал уран бойынша әлемдік өндіріс пен жеткізілімдердің
барлық үлесінің 22% Қазақстанға тиесілі. Осы жайтты ескеретін болсақ, біздің
елге деген қызығушылық үлкен деп сеніммен айта аламыз. Елдеріміз 30 жылдан
астам уақыт бойы ынтымақтастық құрып келеді. 1990 жылдың қаңтар айынан бастап дипломатиялық
қарым-қатынас орнады. Мәдени және білім беру салаларының байланысыда қарқынды
дамып келеді. Мәселен Франция Қазақстанда француз тілінің рөлін нығайтуға және
мәдени-гуманитарлық, бағыттарда бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі.