Қазақстандық паспорт мықтылығы бойынша Орталық Азияда көш бастап келеді

Қазақстандық паспорт мықтылығы бойынша Орталық Азияда көш бастап келеді

Қазақстандық төлқұжаттың халықаралық беделі айтарлықтай артып келеді. Бүгінде ел азаматтары Азия, Таяу Шығыс, Еуропа және Латын Америкасының көптеген елдеріне визасыз немесе жеңілдетілген тәртіппен еркін кіре алады. Соңғы жылдары Қытай, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Марокко және Тайландқа визасыз баруға мүмкіндік туған. Көк паспортпен Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Гаитиге еркін кіресің. Ал, 14 елде 90 күнге дейін визасыз жүруге болады. Тағы 18 елде 30 күнге дейін саяхаттауға рұқсат бар. Жалпы бүгінде отандастарымыз әлемнің 79 еліне визасыз кіріп-шыға алады.

Мадияр Исмаилов, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің басқарма басшысы:

- «Henley & Partners» деген үлкен, ірі әлемдік агенттік бар. Соның есебі бойынша 25 жылы біз 67-орынға көтерілдік. 10 жыл бұрын біз 76 орында тұрдық. Ол кезде 60-қа жуық елдермен ғана визасыз немесе оңтайландырылған виза саясатымен баратынбыз. Қазір оның саны өсіп 80-ге жақындап қалды. Қазақстанның паспорты танымалдығы, салмақтылығы өзінің қуаттылығы арқасында, мысалы, көшбасшы ел деп айтуға болады Орталық Азияда.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?