ҚР Президенті Үкіметтің отставкасын қабылдады

ҚР Президенті Үкіметтің отставкасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің отставкасы туралы Жарлыққа қол қойды. Премьер-Министрдің міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелді. Атап өтейік, жаңа құрам бекітілгенге дейін Үкімет мүшелері өз міндеттерін атқара береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Құрметті, жиынға қатысушылар! Асқар Ұзақбайұлы Мамин маған арыз жазып, отставка жөнінде өтінішін білдірді. Мен бұл өтінішті қабылдадым. Асқар Ұзақбайұлы шамамен 3 жылдай Үкіметімізді абыроймен басқарды. Қызмет барысында, әсіресе, пандемия өршіп тұрған кезде өзінің жоғары жауапкершілігін, еңбекқорлығын көрсетті. Сондықтан мен бұрынғы Премьер-Министрге алғысымды білдіремін. Премьр-Министрдің міндетін тәжірибелі экономист, білікті басшы Әлихан Асханұлы Смайылов атқарады.

 

Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды

Сондай-ақ Ақорданың ресми сайты Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалғанын хабарлады. Бұл лауазымды бұған дейін Қырымбек Көшербаев атқарып келген.