Алматы облысында жыл басынан 12 жаңа өнеркәсіп жобасы
іске қосылды. Өңірде
құны шамамен 2 жарым триллион теңге 122 жоба жүзеге асырылып
жатыр. Нәтижесінде 37 мыңға жуық жұмыс
орны ашылады. Бұл туралы
Президенттің Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевті
қабылдауы кезінде айтылды.
Аймақта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мен үш ауысымды оқу мәселесін
шешу жұмыстары ширап келеді. Алдағы
екі жылда 91 білім ошағында күрделі жөндеу жұмыстары
жүргізіледі. Президент
индустриалды аймақтар мен Аlatau арнайы
экономикалық аймағының әлеуетін нығайтуға,
сондай-ақ коммуналдық және елді мекендердегі жолдардың құрылысына баса мән
беруді тапсырды.
Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:
- Былтырғы жылы 980 млрд инвестиция тартылды. Биыл да
сол қарқынды сақтап келе жатырмыз. Биылғы жоспарымыз 1 трлн 300 млрд. Біздің
облысымыз сол инвестиция тарту қарқынын сақтаған себебінен қазіргі ішкі өнім
біз ҚР облыстары арасында 10-орыннан 5-орынға келдік. Ең басты мәселелер олар
Қонаев қаалсы мен Алатау қаласының дамуы болды. Ол тарапта да біраз тапсырмалар
қабылданды.

