Қазақстанда құрғап кеткен Арал теңізінің орнына жасыл желектер егілмек.
Бұған қытайлық ғалымдардың өнертабысы көмектеседі. Зерттеушілер топырақ үлгісін
алып, жоба бойынша жұмыс істеп жатыр. Мамандар топыраққа ылғал ұстайтындай
қасиет беру үшін, арнайы реагент қолданбақ. Осының арқасында Арал теңізінің
құрғап, шөл басқан жерлері жасыл оазиске айналуы мүмкін. Айта кетейік, қытайлық
ғалымдардың өнертабысы басқа жерлерде сәтті қолданылып келеді. Бұл технология Арал
теңізінде келесі жылдың көктемінен бастап қолданылмақ. Сарапшылардың айтуынша, нәтиже
екі жылдың ішінде жемісін береді. Аталмыш жоба мен ғылыми салада екіжақты
қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылау үшін, еліміздің сыртқы саяси
ведомство өкілі мен Қазақстандағы Қытай елшісі жаңа генетикалық зертханада
кездесті.
Ғабидулла Оспанқұлов,
ҚР СІМ Инвестиция
комитетінің төрағасы:
– Олар топырақ алып, оған сәйкес келетін реагенттер іздеп
жатыр. Бұл үлкен ғылыми ізденіс және оның пайдасын Қазақстан да көреді деп
ойлаймыз. Егер болашақта екі ел ғалымдары осы жобаға бірге атсалысып жұмыс
істесе, қазақстандық ғылым үшін үлкен серпіліс береді.
Чжан
Сяо, Қазақстандағы Қытай
елшісі:
– Біздің кадрлар даярлау бойынша ауқымды жоспарымыз
бар. Өз саласында бірнеше жыл бойы жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқан
жас мамандар мен жас ғалымдар Қытайға келеді. Қазірдің өзінде олардың
тағылымдамасының жоспары дайын.