Премьер-министр халықаралық бизнес өкілдерімен Қазақстанның инвестициялық ахуалын талқылады

Премьер-министр халықаралық бизнес өкілдерімен Қазақстанның инвестициялық ахуалын талқылады

Қазақстан Премьер-министрі халықаралық бизнес қоғамдастығы өкілдерімен жүздесті. Жиында еліміздің инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыру, сондай-ақ, салық саясатын жетілдіру мәселелеріне назар аударылды. Мәселен, әзірленіп жатқан жаңа Салық кодексі шеңберінде әкімшілендірудің сервистік моделін енгізу, салық есептілігін 30% қысқарту, салық төлемдері түрлерінің санын 20% азайту көзделгені атап өтілді. Ал, өз өнімін өндірушілер үшін табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесі енгізіледі. Сонымен қатар шикізатты қайта өңдеушілер жабдықтың импорты бойынша ҚҚС төлеу мерзімін ұзартады. Айта кетейік, қаржы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы ҚҚС қайтару аясында рекордтық 1,2 трлн теңге төленген. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықты қайтару рәсімінің тиімділігі мен ашықтығын арттыратын жаңа ақпараттық жүйе ендірілмек.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?