Көшпенділердің тарихи мұрасы 3D форматта. Тас, ерте темір дәуірінің ескерткіштерінде, жартастағы суреттерді және басқа да көптеген көне жәдігер Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында арнайы көрмеге қойылды. Мысалы, ағаш тарақтың дәлме-дәл көшірмесі. Тарақ сарматтық әйелге тиесілі. Ол марқұм жерленген кезде ыдыс-аяқтармен бірге жанып, тек топырақта оның ізі ғана қалған екен. Бірегей жәдігер Қазақстанның батысындағы Тоқсай қорымынан табылған.
Георгий Пересветов, археолог:
- Ағаш, киіз сияқты материалдар сақталмайды. Археологтар тапқан артефактілер өте көне, жағдайы да нашар. Сондықтан олар да көрмеге қойылмайды. Дегенмен археологтардың қолында, музей қорларында сақтаулы.
Археологтар 3D сканерлеу арқылы скиф-сақ дәуірінің ондаған артефактісін қалпына келтіре алды. Көне заттар Еуразия даласындағы Моңғолия, Алтай, Қара теңізге дейін, соның ішінде Павлодар Ертіс өңірінде мекен еткен тайпалар қолданылған.
Гүлдана Әділова, көрме қонағы:
- Қазақстан тарихы сабағында әртүрлі ақпарат білдік және мына жерге келдік. Көрмеде өте көне заттарды көрдік. Маған ұнады. Тағы білгім келеді.
Кауа Шаймарданова, көрме қонағы:
- Өте әсерлі, өйткені қазір бізде барлығы механикаландырылған. Яғни барлығы заманауи технологияның көмегімен жасалады. Бұрын мұның барлығы қолдан жасалған еді. Өте әсерлі.
Айта кету керек, Еуразияның түкпір-түкпірінен табылған артефактілердің 3D көшірмесін жасау жұмыстары жалғасады.