«Менің атым – Қожа» француз тілінде жарық көреді. Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі туындысының аудармасы Мемлекеттік басшысының сапары аясында Парижде, ЮНЕСКО өкілдеріне таныстырылады. Сондай-ақ повесть желісімен түсірілген әйгілі «Қазақфильм» туындысы француз тілінде көрсетілмек. Шара қазақ балалар әдебиеті классигінің 100 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр.
Айта кетейік, «Менің атым – Қожа» повесі бұған дейін әлемнің 68 тіліне аударылған.
Асқар Әбдірахманов, ЮНЕСКО-дағы ҚР тұрақты өкілі:
– Жалпы, Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығынан хабардар, оны сүйетін азаматтар үшін жақсы бас қосу, іс-шара болады деп ойлаймыз. Және оған қызығушылық танытқан адамдар үшін жаңа ақпарат көзі және Бердібек Соқпақбаев шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік, стимул болады деп ойлаймыз.