Сандық технологиялар су ресурстарын тиімді басқаруға септеседі.
Астанада Орталық Азия, Әзербайжан мен Түркия, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың
сарапшылары, министрліктер, ғылыми институттар және IT-компаниялардың өкілдері тіршілік
көзін ысырап етпеу қамындағы су үнемдеу технологияларын енгізу мәселесін
талқылады. Елордада цифрландыру және су ресурстарын тұрақты басқару бойынша
өңірлік тренинг өтті. Қатысушылар тамшылатып және жаңбырлатып суару, лазерлік
тегістеу, жер асты және кәріз суларын пайдалануға қатысты елдерінде сыналған су
шығынын қысқартуды көздейтін тың жобаларын ұсынды.
Акмаль
Акрамханов, Жер ресурстарын тұрақты басқару жөніндегі
аға ғылыми қызметкер, елдік
үйлестіруші, Өзбекстан:
- Жазық аумақтарда лазерлік жоспарлауды пайдалану арқылы 20-дан
30%-ке дейін су үнемдеуге қол жеткізуге болады. Оның үстіне тамшылатып суару
жүйесін кәдеге жарату тіршілік көзінің шығынын әлдеқайда азайтуға септеседі. Оған
қоса, цифрландырудың бүгінгі озық технологияларын пайдаланып, шаруаларға қашан
және қанша суару керектігін есептеп беретін қосымша әзірлеуге болады.
Қазақстан да өз тәжірибесімен бөлісті. Цифрлық
шешімдердің бірі - су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі. Платформа су
көздерін есепке алуды қамтамасыз етуге, басқа мемлекеттік жүйелермен интеграция
арқылы деректердің қайталануын жоюға және су тапшылығын басқар у тиімділігін
арттыруға мүмкіндік береді. Жүйе трансшекаралық су нысандарының жай-күйін
қадағалай алады. Яғни, халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылға ықпал етеді. Бүгінде
отандық жүйе арқылы Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан трансшекаралық арналар
бойынша деректермен бөліседі. Бұдан басқа, 2026 жылы Түркістан, Жетісу, Жамбыл,
Қызылорда облыстарында 103 арнаны - автоматтандыру жоспарланған.
Жанұзак Әбдібаев, «Қазсушар» РМК цифрландыру
департаментінің бас сарапшысы:
- Астана қаласында орталықтандырылған диспечерский центр
болады. біз қосымша метеоданыйларды пайдалана отырып, ары қарай жоспарлану,
мониторинг және талдау бойынша ақпараттар алатын боламыз.
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының
айтуынша, тек бірлесіп жұмыс істеу арқылы ғана қауіп-қатерлерге қарсы тұруға болады.
Ол үшін берік серіктестік құру қажет. Ол өзара салаға қажет технологиялармен
алмасу, шеберлік бөлісу мен білімге негізделуі тиіс.
Исмаил Абдельхамид, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының жобалар бойынша департамент директоры:
- Тамшылатып суару сияқты жаңа инновациялық шешімдерді енгізудің басты мақсаты - бұл су шығыны аз жүйелерге
көшу. Бүгінгі таңда су ресурстарын цифрландыру бағыты белсенді дамып келеді. Бұл
тың технологиялар аграрийлер пайдаланатын судың сапасын бақылауға және
бағалауға мүмкіндік береді. Орталық Азия елдерінің тұрғындары жаңа
технологиялармен танысады. Болашақта өңірдің шаруалары өз тәжірибелерін өзге
мемлекеттерге бере алатын сарапшыларға айналады деп ойлйамын.

