Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясы өтті

Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясы өтті

Женева қаласында Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясы өтті. Қазақстан делегациясын мәжіліс төрағасы басқарды. Ерлан Қошанов жалпы пікірталастарда сөйлеген сөзінде «Парламентарийлер – ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру үшін» алаңын белсенді түрде пайдалануы керегін айтты. Сонымен қатар, төменгі палата спикері климаттың өзгеруіне қарсы күресте және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін бірлескен күш-жігерді жеделдетудің маңыздылығына тоқталды. Ерлан Қошанов парламентшілерге әділдік, теңдік және инклюзивтілік қағидаттарын ілгерілету ісінде ерекше жауапкершілік жүктелгенін атап өтті.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы:

- Қазақстан Парламенті ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Әділетті Қазақстан» заң үстемдігі негізінде барлығы және әркім үшін тең мүмкіндіктер мемлекетін құру бастамасын іске асыруға белсенді қатысуда. Әлеуметтік әділеттілік қағидатын іске асыратын бірқатар заң қабылданды. Ауқымды саяси жаңғыру жүріп жатыр. Экономикалық реформалар жүзеге асырылуда. Ол жай ғана науқан немесе саяси дискурстың бөлігі емес. Бұл дегеніміз адамның саяси және экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету, оның қадір-қасиетінің құрметтелуі үшін мызғымас жағдай қалыптастыру. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?