Қазақстан экономикасы трансформациялық
шешімдер мен жаңа тәсілдерді талап етеді. Бұл, атап айтқанда, өңдеуші
өнеркәсіпті дамытуға, логистикалық және транзиттік-көліктік мүмкіндіктерді
барынша пайдалануға және заманауи технологияларды белсенді енгізуге қатысты.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев республика өзінің «орта
держава» мәртебесін сақтауы тиіс екенін атап өтті. Ол үшін елге экономикадағы,
инвестициядағы, ғылым мен технологиядағы тәжірибелік жетістіктер қажет. Сенат
депутаттарының пікірінше, елде жаңа өзгерістер үшін әлеует жоғары. Парламент өз
тарапынан жаңа заңнамалық бастамаларды әзірлеп, қабылдай отырып, оларды қолдау
үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.
Андрей Лукин, ҚР Парламенті
Сенатының депутаты:
- Үкіметке тиісті
тапсырмалар берілді. Бұл министрліктерге
де, атап айтқанда, егер сөз өндірісті әртараптандыру туралы болса, біз бүгінгі
күні республиканың әлеуетін толық көлемде пайдалану үшін осындай экономикалық серпінді
жобаларды қолға алу керекпіз. Бұл Мемлекет басшысы айтқандай, жасанды
интеллекті бар озық технологияларды пайдалана отырып, ғылымды тарту арқылы жаңа
өндірістер құру.
Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй қорын басқару жүйесін
реформалау жөнінде де маңызды тапсырма берді. Еліміз өткен жылы рекордтық 19
миллион шаршы метр тұрғын үй салды. Алайда бұл жерде сан емес, ең алдымен сапа
мен қолжетімділік маңызды, деп атап өтті Президент. Ол үшін қала құрылысын
жоспарлаудан бастап нысандарды пайдалануға беруге дейінгі саладағы барлық
үрдістерді цифрландыру қажет. Бұған жыл соңына дейін бірыңғай ақпараттық жүйені
әзірлеу ықпал етеді.
Андрей Лукин, ҚР
Парламенті Сенатының депутаты:
- Іс жүзінде
қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда Тұрғын үй қатынастары туралы заңға
өзгерістер мен толықтырулар енгіздік. Онда халықтың әлеуметтік жағынан осал
топтары үшін де, мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтарымыздың басқа да
санаттары үшін де тұрғын үй сатып алу жөніндегі мәселелерді шешуді қарастырдық.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі, менің ойымша, әрқашан жетекші орындардың
бірінде бұрыннан бар. Сондықтан, осы жылы Отбасы банкі, тұрғын үй орталықтары,
қала және облыс орталықтарының әкімдіктері заңнамаға енгізілген өзгерістер
аясында тығыз жұмыс істей бастайды.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

