Қазақстанда қытайлық инвесторлар 2 жел және 1 күн электр стансасын салуға ниетті. Олардың жалпы қуатты 1,8 ГВт құрамақ. Мәжіліс қос ел Үкіметтері арасындағы тиісті келісімді қабылдады. Аталған құжат «жасыл» энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ қуат өндіру мен жинақтаудың заманауи технологияларын енгізуге бағытталған.
Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:
- Жобаларды іске асыруға салынатын инвестициялардың
жиынтық көлемі 2,2 млрд АҚШ долларын құрайды. Қаржыландыру халықаралық қаржы
ұйымы банктерінің қатысуымен жүзеге асырылатын болады. Бұл инвесторлардың
Қазақстан Республикасының энергетика секторына деген жоғары сенімін көрсетеді.
Түркі мемлекеттері төтенше
жағдайлармен бірлесіп күресуге ниетті. Мәжіліс ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру
туралы келісімді ратификациялады. Құжат аясында төтенше жағдайды басқару саласы
мамандарын даярлаудың бірыңғай стандарттары әзірленіп, оқу бағдарламалары жасалмақ.
Келісімді іске асыру үшін төтенше жағдайларды басқаруға жауапты Министрлер
кеңесі және Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігінің хатшылығы
құрылады.
Кеген Тұрсынбаев, ҚР Төтенше жағдайлар Вице-министрі:
- Хатшылықтың штаб-пәтері Стамбұл қаласында орналасады. Оны
министрлер кеңесі үш жыл мерзімге тағайындайтын бас хатшы басқарады. Оны құруға
түрік тарапы қаражаттық қолдау көрсетеді. Министрлер кеңесінің түркі
мемлекеттері ұйымына төрағалық ететін мемлекеттік төтенше жағдайлар
ведомствасының басшысы басқарады.

