Қазақстандықтардың депозиттерінде 13 трлн теңге жинақталған

Қазақстандықтардың банктердегі депозиттерінің көлемі сәуірде 13  триллион теңгеге жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 13 процентке көп, деп хабарлайды Рэнкинг кз. Азаматтар қаржысын сақтау үшін елдегі 22 банктің 18-ін таңдаған екен. Депозит көлемінің өсімі бойынша мемлекеттік Отбасы банкі көш бастап тұр. Тұрғын үй құрылыс жинақтарына маманданған бұл қаржы мекемесіндегі депозиттер көлемі 45 процентке ұлғайған. Осылайша, баспана сатып алуға ниеттенген қазақстандықтар 2 триллион теңгеден астам қаражат жинақтаған. Еске салсақ, Отбасы банк биыл екінші деңгейлі банктер қатарынан шығарылып, ұлттық даму институты мәртебесіне ие болды. Қазақстандық банктердің жиынтық депозиттік портфелінің 51 проценті былтырғыдай жеке салымдардың үлесіне тиесілі.