Парламент 2023 жылғы жұмысын қорытындылады

Парламент 2023 жылғы жұмысын қорытындылады

Биыл Қазақстан Парламенті 90-нан астам заң қабылдады. Оның ішіндегі 28 құжатты әзірлеуге қос палатаның депутаттары бастамашы болғанын айта кету керек. Сенат спикері Жоғары Палатаның 2023-ші жылы атқарған заң шығару жұмысын қорытындылады. Мәулен Әшімбаевтің сөзінше жыл бойы еліміздің мемлекеттік жүйесі қайта жаңғыртылды. Ең алдымен, саяси жүйені одан әрі демократияландыру және бәсекелестікті дамыту бағыты қолға алынды. Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кіріскен алғашқы күннен бастап айқындап берді. Мәулен Әшімбаев нәтижесінде сенаторлар құрамы екі есеге жаңарғанын атап өтті

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-
Палата депутаттарының басым бөлігі өңірлерден сайланады. Сондықтан бұл халық қалаулылары, ең алдымен, аймақтық мәселелерге басымдық беретінін естіп те, көріп те жүрсіздер. Оқиғалар аз емес. Жалпы алғанда парламентарийлер – Мәжілістің де, Сенаттың да мүшелері биыл әлемде орын алған сын-қатерлер мен түрлі күрделі жағдайлардың елге тигізген әсеріне қарамастан Мемлекет басшысының реформаларының құқықтық негізін құру үшін нәтижелі жұмыс атқардық деп ойлаймын.