2022 жылдың 9 айында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы өзара тауар айналым көлемі 57 млн долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18% көп. Қос тарап алдағы уақытта бұл көрсеткішті еселей түсуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта сауда-көлік ынтымақтастығын кеңейтуге ниетті. Өйткені Қазақстан мен Пәкістанның Оңтүстік Азияда орналасқан орны стратегиялық географиялық тұрғыдан тиімді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Пәкістан үкіметтік делегациясының кездесуінде айтылды. Өз кезегіде Пәкістан тарапы Гвадар порты арқылы Қазақстанға теңізге және Парсы шығанағы елдерінің нарықтарына шығу мүмкіндігін ұсынуға дайын екендігін жеткізді. Сонымен қатар энергетика саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары байқалады. Атап айтқанда, бұл, ең алдымен, «Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан – Үндістан» газ құбырының қуаттарын пайдалана отырып, газ транзитіне қатысты.