Бұл көрсеткіш бойынша өңірлердің бөлінісінде елорда жетінші орында тұр. Astana Invest мәліметінше, мегаполистің инвестициялық жобаларының бірыңғай пулы құрылды. Оған инвестициялардың жалпы сомасы 2 трлн теңгеден асып жығылатын 262 жоба кіреді.
Айта кетейік, «Астана-Жаңа қала» АЭА базасында 50 жоба жұмыс істеп тұр. Қалалық инвестицияны дамыту орталығы оның 11-і экспортқа бағдарланғанын атап өтті. Айта кету керек, өткен жылдың тоғыз айында қала кәсіпорындары 15 млрд теңгенің өнімін экспорттаған. Негізгі тауарлардың қатарында электровоздар, тепловоздар, арнайы киімдер және т.б. өнімдер Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркияға жеткізіледі.