Өзбекстанда халықаралық қолөнершілер фестивалі 70 елдің шеберлерін жиды

Өзбекстанда халықаралық қолөнершілер фестивалі 70 елдің шеберлерін жиды

Өзбекстанда III халықаралық қолөнершілер фестивалі әлемнің 70 астам елінен 300 жуық шеберді жиды. Танымдық бағдарлама сәндік қолданбалы бұйымдар қанат жайған жәрменкелер мен көрмелерді қамтыды. Бұған қоса шара аясында өткен мамандандырылған конференцияларда он саусағынан өнер тамған хас шеберлер кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, Орталық Азияның қыш өндірісі дамыған республиканың Риштан ауданында көзешілер форумы ұйымдастырылды. Онда Өзбекстан, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Татарстан, Молдова, Грузия, Түрікменстан, Қырғызстан, Иран шеберлері өз өнерлерін ұсынды. Көздің жауын алатын бірегей бұйымдардың орындау мәнері әрқилы. Дәстүрлі фестиваль қорытындысы бойынша сауда және туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірқатар құжатқа қол қойылды.

Омар Тахат, Қыш өнерінің шебері /Иордания/:

- Мұндай шаралар түрлі елдердің қыш өнері шеберлері арасында тәжірибе алмасу үшін қажет. Мәден байланыстармен қатар, іскерлік қарым-қатынастар өрбиді. Өзбекстан шеберлерінің өнері қызықтырады. Сондықтан олармен келісім жасасуға ниеттімін.

Снежана Хайруллина, Фестивалге қатысушы /Ресей/:

- Өткен фестивальдің ұнағаны соншалық, биыл қайта қатысып жатырмын. Әсіресе қылқалам шеберлерінің өнеріне тәнтімін. Жалпы елдің бай тарихы және ұлттық дәстүрлерімен етене танысқым келеді.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?