Топай асық жинаған ақтөбелік коллекционер Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Ерболат Қуанышевтың коллекциясында қазір шамамен 3,5 мың асық бар. Ол сүйекті тазартудың әдісін шебер меңгерген. Қазір ыңғайлы жасақталған шеберханада келушілерге арнап көрме жасап қойған. Ішінде қойдың асығы, топай асық бар. Жілік, қабырға секілді сүйектерден жасалған заттар да қойылған. Алғашында хоббиі болған ермегі, қазір үлкен жұмысқа айналды. Осы арқылы ол ұлттық ойынды насихаттауға үлесін қосқысы келеді. Айта кетейік, 8 жыл бұрын асық ату ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енді.
Ерболат Куанышев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
- 13 жылдық еңбегіміз. Қазанға қайнатамыз 5-6 сағат, оны жуып тазалаймыз, кептіреміз. Асықтың өзінен мүсін жасауға болады. Нән ғылып, 2-метр қылып, 1,5 метр қылып, сосын стол істегім келеді, тақ кәдімгі, отыратын, асықтан.

