Өзбекстанда алғашқы толық метражды 3D мультфильм түсірілді

Өзбекстанда алғашқы толық метражды 3D мультфильм түсірілді

Өзбекстанда қазір анимация саласы белсенді дамып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, жергілікті студиялардың жұмыс сапасы халықаралық талаптарға сәйкес келеді. Яғни, әлемдік деңгейде бәсекелесуге мүмкіндік туған. Елдің киноөндіріс саласы өзгелермен иық тіресуге қауқарлы 3D-фильмдер шығаруға басымдық беруде. Бұған дейін отандық мамандар көбіне қысқа метражды жұмыстар жасаумен шектелген. Бүгінде бұндай туындылардың мазмұны түрленіп, көлемі мен сапасы артта түсті. Елдің үлкен экрандарына шыққан «Сехрландия» толық метражды мультфильмі – бұл тек шығармашылық команданың ғана жетістігі емес, сондай-ақ елдің балалар мен жасөспірімдерге арналған сапалы жұмыстар жасауға жүйелі көзқарастың нәтижесі. Бұл бағытта балалар контентін дамыту орталығы қыруар іс тындырды.  Ондағы шытырман әрі танымдық оқиғалар арқылы кішкентай көрермендердің санасына достық пен жауапкершіліктің маңызы сіңіріліп, жақсылық пен жамандықтың аражігі ажыратылады.

- Маған мультфильм қатты ұнады. Қаһармандардың ерлігі мен уақыт машинасы ерекше әсерге бөледі. Мен достарыма осы туындыны көруге кеңес беремін. Графикасы мен сапасы таң қалдырды.  

– Мультфильм өте әсерлі шыққан. Нағыз достармен келіп көруге тұрарлық еңбек кекен. Ол тек ізгі ниет жасап, бір-біріңе қолдау көрсетуге шақырады.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?