Астанада Түрікменстан президентінің кітабы таныстырылды

Астанада Түрікменстан президентінің кітабы таныстырылды

Қазақстан астанасында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың «Анау – мыңжылдықтан бастау алған мәдениет» атты кітабы таныстырылды. Ол 2024 жылы Анау қаласының «Түркі әлемінің мәдени астанасы» болып жарияланғанына орай жазылған. Ғылыми-танымдық еңбекте бауырлас елдегі 7 мыңжылдық тарихы бар көне шаһардың өткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігі баяндалады.  Түрікмен, ағылшын және орыс тілдерінде жарық көрген кітап енді қазақ тіліне де тәржімаланады.  

Асхат Кесікбаев, Түркі академиясының вице-президенті: 

- Бұл қала тек түрікмендер үшін ғана емес, жалпы Орталық Азия үшін оғыз, қыпшақ өркениеті бойынша өте маңызы зор. Сондықтан біздің ғалымдар үшін де өте маңызды. Енді жалпы қазақ-түрікмен қатынастары жыл сайын артып келе жатыр. Бұл қатынастар маңызды мәдени немесе ғылыми салалар болсын. Сондықтан да Түркі Академиясы да бұл бауырлас елмен байланысқа үлкен мән-маңыз береді.