Қазақстанда Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай іс-шаралар өтуде

Қазақстанда Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай іс-шаралар өтуде

Қазақстанның барлық өңірлері Абайдың 180 жылдығын кең көлемде атап өтуде. Алматыда қазақтың Ұлы ақынына арналған жаңа еңбектер таныстырылды. Олардың қатарында «Абайдың кемел адам туралы білімінің негіздері» атты ғылыми жұмыс және «Ұлы Абаймен үндесу» поэтикалық жинағы бар. Жинаққа қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушының шығармашылығынан шабыт алған мектеп оқушыларының, студенттер мен жас ақындардың өлеңдері енді.

Ал Семейде Абай Құбайұлының 180 жылдығына орай спорттық іс-шара басталды. Ультрамарафон қала мен Қарауылтөбе биіктігі арасындағы 180 шақырым аралықта өтеді. Жарысқа Қазақстан мен шет елдерден 100-ден астам кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысуда.

Меңдібай Әлімғазин, Қатысушы:

 – Мен Наурызым жағынан келіп тұрмын. Қостанай жағынан. Мен енді үшінші рет қатысайын деп жатырмын.Абай атамыздың 180 жылдығы болып тұр ғой.80 шақырым жүгіріп өткенмін. Тойларыңыз құтты болсын! Бәрімізге ортақ той.

Ал елордада философтың мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар аясында «Жасыл ел» еңбек жасағының өкілдері сапқа тұрып ABAI 180 символдық жазуын бейнеледі.

Сондай-ақ, Абай саябағында ақынның шығармашылығына құмар тұрғындар ашық аспан астында оның өлеңдерінің таңдаулы жолдарын оқыды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?