Өзбекстан ұлттық балеті астаналықтарға «Лазги. Жан мен махаббат биі» спектаклін ұсынды

Өзбекстан ұлттық балеті астаналықтарға «Лазги. Жан мен махаббат биі» спектаклін ұсынды

Астана Бүкіләлемдік театр күнін «Лазги. Жан мен махаббат биі» спектаклімен атап өтті. Оны елордаға Өзбекстан Ұлттық балеті әкелді. Танымал неміс хореографы әрі балетмейстер Рауль Раймондо Ребектің қойылымы - өзбектің дәстүрлі биі, академиялық хореография және заманауи сахналық технологиялардың жиынтығы. Музыкалық сүйемелдеу де ерекше атмосфера қалыптастырады. Онда халыққа жақын әуен ырғағы мен электронды дыбыс тоғысады. Қойылымның бір ерекшелігі - балериналар сахнада нақты кейіпкерлерді сомадамайды, олар көрерменге эмоцияны жеткізуге тырысады. Басты идея қарапайым: біз қай уақытта өмір сүрсек те, махаббат пен жан мәңгілік. Спектакль бірнеше жылдан бері әлемді саяхаттап келеді. Дубай, Стамбул, Париж, Мәскеу, Пекин мен Лондон көрермендерін баурап үлгерді. Айта кетейік, ежелгі лазги биі ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енген.

Надира Хамраева, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі:

- Өзбекстан өзінің би мәдениетімен танымал. Бізде әр өңірдің би стилі әр түрлі. Бірақ лазги ең көне әрі техникалық би болып есептеледі. Яғни, техникаға бай. Әйелдер тарапынан трюктер орындалады. Сирек кездеседі. Би стилі нәзік болғандықтан өте тартымды әрі көңіл-күйді көтеруге ықпалы мол.

Эльмира Юсупова, Әлішер Науаи атындағы мемлекеттік академиялық үлкен театрдың жетекші солисі:

- Бұл спектакль Лазги биінің қалай пайда болғанын көрсетіп қана қоймай, Өзбекстанның және кез келген елдің ұлттық қазынасының мәңгілік екенін көрсетеді. Себебі сюжет өткен, бүгін және келешек шақтарды қамтиды. Болашақтада қандай жаңашылдық пен өзгеріс болса да Лазги Лазги болып қала береді. Тек Өзбекстанның ғана емес, Қазақстанның да кез келген ұлттық қазынасы әрқашан бізбен бірге болады деп ойлаймын.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?