Домбырамен күй шерткенде ырғаққа ілесіп түрлі қимыл жасайтын қуыршаққа қызықпай қарау мүмкін емес. Бұл қазақ қуыршақ өнерінің бастауы. Тараздық Қазым Аманқосов сол ескіден қалған сарқыншағын жаңаша жаңғыртқан адам. Яғни, қуыршақты музыкалық құралға айналдырды. Талайды таңдай қақтыртқан бұл өнерін мемлекет басшысы да көрген.
Қазым Аманқосов, ҚР Суретшілер одағының мүшесі:
- Ортеке дегенде маған 90-шы жылдар есіме түседі. Қазақстан өзінше жеке мемлекет болды. Сондықтан, қазақтың өзіне тән домбыра өнерін дамытамын деген ой келді. Сонымен, домбыра, қылқобызбен қатар ұмытылып қалған ортеке өнерін қолға алдым. 90-шы жылдардан бастап, 96-шы жылы билетіп шығардым ортекені.
Қазым Аманқосов ағаштан түйін түйетін ұста ғана емес, белгілі қылқалам шебері. Қолынан шыққан әр дүние ұлттық аспаптармен астасады. Еңбектері Франция, Германия, АҚШ, Испания елдерінде де сақтаулы. Шебер қазір аймақтағы оңалту орталығында мүсін құйып, сурет салудан сабақ береді. Оның өнер терапиясына емделушілер дән риза.
Айша Ануар, ем алушы:
- Жүргеніме 4 күн болды.
Осындай кішігірім заттардан бастап жатырмын. Гипстен жасалады. Жайлап-жайлап
үйреніп жатырмын.