Қазақ киногерлерінің қоржыны тағы бір жеңіспен толықты.
Отандық «1286» сериалы халықаралық беделді Пусан фестивалінің «Үздік азиялық контент»
номинациясын иеленді. Картинада адам ұрлау және оларды құлдыққа сату туралы
баяндалады. Жалпы киносериал – режиссер Әлішер Утевтің туындысы.
Айта кетейік, биылғы жылы фестивальге
әлемнің 63 елінен 200-ден астам өтінім түсті. Бәсекеге Оңтүстік Корея, Қытай,
Тайвань елдерінің сериалдары, және Netflix, Disney+ сияқты компаниялардың жобалары қатысты.
Автор: Әсел Күшенғалиева