EXPO-2025 көрмесінде Түрікменстанның ұлттық павильонына келушілер қатары артты

EXPO-2025 көрмесінде Түрікменстанның ұлттық павильонына келушілер қатары артты

Жапониядағы EXPO-2025 көрмесінде Түрікменстан павильонына келушілер қатары күн санап артып келеді. Алаң айтулы шараға қатысушылардың арасында үшінші орынды иеленді. Келушілерді экспозициялық залдың бірегей дизайны қызықтырып отыр. Онда заманауи сәулет өнері мен ұлттық нақыштар сәтті үйлесім тапқан. Сонымен қатар Қарақұм шөлі, түрікмен кілемі мен Ақалтеке жылқыларының бейнелері де шебер ұсынылған. Павильон үш деңгейден тұрады. Біріншісінде - елдің тарихы, дәстүрі мен бай табиғаты туралы мол ақпарат беріледі. Бұл аймақта виртуалды тур жасауға болады. Екіншісінде - елдің жетістіктері таныстырылады. Ал үшіншісінде кесте, мұражай экспонаттары және ұлттық тағамдар секілді халықтың мәдени құндылықтарымен танысуға мүмкіндік бар.

Рокуро Каматари, Көрмеге келуші:

- Ұсынылған мәдени құндылықтардың көптігі мен тауарлардың алуан түрлілігі мені таңқалдырды. Елдің экономикалық өмірінің қаншалықты жан-жақты және белсенді екеніне көз жеткіздім. Түркіменстанда қаншама өнім өндірілетінін көргенде таң қалдық! Павильонға келуім мен үшін шынайы тағылымдық сапар болды және өзім үшін көптеген жаңа дүниелерді аштым.

Такахаси Танака, Осако қаласының тұрғыны /Жапония/:

- Маған әсіресе экспозициялардың бірінде ұсынылған табиғат пен қаланың үйлесімділігі ұнады. Түрікменстан елінің ЭКСПО-дағы павильоны әрбір келушінің қызығушылығын тудырып, қонақтарға шынайы қуаныш сыйлайтын тартымды орталыққа айналды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?