Астанада өткен «Орталық
Азия – Қытай»
екінші саммиті - өңірлік
дипломатиялық күн тәртібіндегі маңызды оқиға. Көпжақты диалогтың бұл форматы ынтымақтастық
көкжиегін кеңейтеді. Сарапшылардың пікірінше, қазір тараптар
инфрақұрылымдық жобалардан басқа технология, энергетика, өнеркәсіп, ғарыш
сияқты бағыттар бойынша әріптестікті дамытуға мүдделі. Бұл өңірдің жан-жақты дамуына тың серпін береді.
Жадыра Әсетқызы, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің аға сарапшысы:
- «Бұл
- тек экономикалық ынтымақтастық емес,
стратегиялық трансформацияға бағытталған қадам. Қазір Қытай мен Орталық Азия елдерінің технологиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді.
Мысалы, 5G желілерін салудан бастап «Ақылды
қала» жүйелерін енгізуді ширатып келе жатқан Қытай -
қазірдің өзінде аймақтың цифрлық трансформациясында негізгі сыртқы экономикалық қатысушылардың біріне айналды. Мұның сыртында GPS-тің баламасы саналатын Beido
спутниктік жүйесі де қарқынды дамып
келеді».

