ОРЕС қоры 5 жылда Қазақстандағы жобаларға 400 млн долларға дейін қаражат бөледі

ОРЕС қоры 5 жылда Қазақстандағы жобаларға 400 млн долларға дейін қаражат бөледі

ОРЕС қоры 5 жылда Қазақстандағы жобаларға 400 млн долларға дейін қаражат бөледі. Мәжіліс ел Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялады. Құжатқа былтыр Астанада қол қойылған. Келісімде елдегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Үкімет кепілдігінсіз 2,5-5% мөлшерлемемен несие беруі көзделген. Жалпы энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, қаржы, ауыл шаруашылығы, су, телекоммуникация, білім беру және денсаулық сақтау сияқты салаларға қаржылық қолдау көрсету межеленген. Бұл ретте стратегиялық «су-азық-түлік-энергетика» тізбегіне баса мән аударылмақ. Сондықтан Қордың активтері мен кірістері тікелей салықтардан босатылып, валюта айырбастау және қаражат аудару мүмкіндігі беріледі. Құжат сондай-ақ Қор мен бенефициарлардың құқықтарын қорғап, дауларды төрелік сот арқылы шешуді реттейді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?