2022 жылы Қазақстандағы электрондық сауданың көлемі триллион теңгеге жетуі мүмкін. Мұндай болжамды «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығы келтіріп отыр.
Сарапшылардың айтуынша, бұған барлық алғышарт бар. Сонымен қатар мамандар нарыққа жаңа ойыншылар келіп, қолданыстағы жүйелердің қызмет көрсету деңгейі кеңейіп, жақсара түседі деп жоспарлап отыр. Бұл үрдістердің жеделдеуіне коронавирус пандемиясы да өз әсерін тигізді. Қауымдастықтың мәліметтері бойынша, былтырғы жылы елдегі бөлшек электронды сауданың нарығы 82% өсті, жалпы 600 млрд теңгеге жетті. Сонымен бірге онлайн тапсырыс саны көбейіп, мобильді құрылғылардан сатып алу үлесі арта түскен. Ұйым шағын бизнестің электронды платформалар арқылы сатылым жүргізуін жалғастырады деп болжап отыр. Алдағы уақытта Қазақстанда тауарларын тек онлайн сататын кәсіпкерлер саны көбеюі мүмкін.