«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық Коалициясы Жамбыл облысының түрғындарымен жүздесті. Кездесуде Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Жаңа Конституция жобасында әрбір адам өзі үшін маңызды сұрақтарға жауап таба алатынын айтты. Себебі, құжатта «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағида анық жазылғанын атап өтті. Жалпы кездкесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата заң жобасының негізгі жаңалықтары туралы айтып берді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Референдум ұлтымыздың бірлігін, тұтастығын айшықтайды. Бұл Президенттің
халқына арқа сүйейтінін, ал халық Президентіне сенетіндігін көрсетеді. Бұндай
мысалдар әлемде де жеткілікті. Мәселен, 19-шы ғасырдағы Швейцариядағы
Конституция жөніндегі референдум, Франциядағы 5-ші Республика бойынша өткен
референдум бүгінде дүниежүзі тарихында қалып отыр. Алдағы біздің референдум да
ел тарихында алтын әріппен жазылатын, ойып тұрып орын алатын оқиғаға айналады
деп санаймыз. Сондықтан таңдау да, соңғы шешім де сіздердің өздеріңізде.

