Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қабылдады. Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының 2025
жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы баяндалды. Дәурен
Қосанов әскердің ұтқырлық деңгейін арттыру, әуе шабуылына қарсы қорғанысты
күшейту, аумақтық әскер мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар бөлімшесін, әскери
инфрақұрылымды дамыту жөнінде ақпарат ұсынынды. Сонымен қатар, армияның жауынгерлік дайындығы, көктемгі әскер
қатарына шақыру науқанының нәтижелері жөнінде де айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев министрге Қарулы күштердің әскери
әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

