Қазақстанда аккумуляторлы
электровоздар шығарылатын болады. Wabtec - әлемдік тасымалдау және логистика бағытындағы
жетекші компания елімізде жасыл энергетика саласындағы заманауи темір жол
көлігін құрастыруға әзір. Қазір жоба пысықталу үстінде. Экологиялық таза көлік
2026-ы жылы алғаш АҚШ аумағында жасалады. Көп ұзамай, өндірісті Қазақстанда
орналастыру жоспарланған. Тоқпен жүретін шойын жол нысанын жинау технологиясын
елордадағы Локомотив құрастыру зауытында ендіру көзделіп отыр.
Нұрлыбек Ахметов, «Локомотив құрастыру
зауыты» өкілі / Wabtec компаниясы:
-Қазір Wabtec жобаны жобалау
жұмыстарын аяқтауға жақын. Кейін өндіріске кірісеміз. Алғашқы акумуляторлы
электровозды 2026-ы жылы АҚШ-та шығарамыз деп ойлаймын. Бұдан соң өндірісті
біздегі локомотив зауытына көшіреміз. Сол кезде бұл экологиялық таза әрі
заманауи өнім Қазақстанда да шығарылатын болады.
Қазақстанда америкалық компания
инженерлік орталық ашуға мүдделі
Бұған қоса америкалық компания Астанадағы зауыттың өндірістік қуатын кеңейткен. Биыл кәсіпорында 90 локомотив шығарылды. Бұл былтырғыдан екі есе көп. Жуырда Нью-Йоркте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде Wabtec компаниясының бас директоры – Рафаэль Сантана өз жоспарымен бөліскен еді. Оған сәйкес, Қазақстанның транспорт-логистикалық секторына 1 млрд доллар инвестиция құю межеленген.
-Осы инвестициялардың ішінде
бірегей жобалар көп. Соның бірі – Қазақстанда инженерлік орталық ашу. Ол
локомотивтерге қызмет көрсетуде және оларды құрастыруға қатысты ең озық орталық
болады. Біз Қазақстанмен бұрыннан серіктеспіз. Компания Қазақстанда инвестициялау
үшін барынша қолайлы жағдай жасалғанын жақсы біледі. Бұл Қазақстанның әлеуетін арттырумен қатар жалпы
өңірдегі ахуалды жақсартуға серпін береріне
сенімдіміз. Сондықтан біздің компания бизнес жоспарларының орталығы ретінде өз таңдауын
Қазақстанға бұрып отыр.