Қазақстанда алғашқы орман климаттық жобасы іске
асырылады. Аталған ынтымақтастық мәселелерін ел премьер-министрі, британдық
SEFE компаниясы мен қазақстандық SAFC компаниясының өкілі талқылады. Тараптар
келісімге қол қойды. Оның аясында британдық компания республикада ағаш
отырғызуға инвестиция салады. Ол үшін 1,5 мың гектар жерге терек, қарағай,
қайың, шырғанақ, итмұрын ағаштары
отырғызылады. Болжам бойынша, ластаушы заттардың шығарылуының орташа жылдық
төмендеуі гектарына 26 тонна көмірқышқыл газын құрайды. Небәрі 30 жыл ішінде 1 млн тоннадан
астам көмірқышқыл газы шығарылады. Бұдан басқа, жоба агроорман
шаруашылығын дамыту, экотуризмді дамытуды ынталандырады. Жоба тек біздің еліміз үшін
ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін бірегей, әрі маңызды. Олжас Бектеновтің айтуынша, экологиялық
теңгерімді қамтамасыз ету бойынша бизнеспен бірлескен жұмыс өте маңызды. Сондай-ақ, Премьер-Министр
президенттің экология мәселелеріне, әсіресе орман
отырғызуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
Юрий Ким, «SAFS» ЖШС директоры:
- Алматы облысындағы Қапшағай көлінің маңында жүзеге асырылатын пилоттық жоба орман
экожүйесін құруға бағытталған. Бұл экожүйе көмірқышқыл
газын сіңіреді және 30 жыл ішінде біз көміртегі бірліктерін сата отырып, қосымша
табыс табамыз. Сынақ режимінде 200 мың ағаш егілді, осы аумақта барлығы 3,3 млн
жергілікті тұқымның көшеті отырғызылады.
Александр Демидов, SEFE Marketing&Trading
Limited компаниясының вице-президенті:
- Біз бұл жобаға қатысқанымызға өте
қуаныштымыз. Себебі Қазақстанның орасан зор әлеуетін көріп отырмыз. Біздің
басты міндетіміз, бірінші кезекте, бұл – экология. Бірақ жаңа индустрия
тұрғысынан Қазақстанның зор әлеуеті бар. Себебі климаттық бірліктерге деген
сұраныс өсетін болады және Қазақстанның да бұл бірліктерді нарыққа жеткізу үшін
өте жақсы стратегиялық ұстанымдары бар.
Әсел Күшенғалиева