Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстанның Қауіпсіздік
Кеңесінің отырысы өтті. Жиында армияны
жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды. Оның
барысында Мемлекет басшысы еліміздің Қарулы Күштерін одан әрі дамыту бойынша
бірқатар нақты тапсырма берді.

