Қазақстандық атлет Шыңғыс Рақпаров Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарындағы өнерін аяқтады. Спортшы үлкен трамплиннен секіру бойынша 38-орынға тұрақтады. Ал гундерсен жүйесі бойынша сынға түскен ол жеңімпазға 7 минут 35 секунд есебімен есе жіберіп, мәре сызығын 43-ші болып кесті.
Шыңғыс Рақпаров, шаңғы қоссайысынан ұлттық құрама мүшесі:
- Жалпы жаман секірген жоқпын. Сәл ауырып қалдым. Содан сайысқа түсу оңайға соқпады. Қазақстандықтар шаңғы қоссайысынан Олимпиадаға алғаш рет қатысып отыр. Жағдайыма байланысты жарысу қиын болғанын да ескеру керек.
Фристайл акробатикадан Шерзод Хаширбаев та іріктеу кезеңінен аса алған жоқ. Жарыс қортындысы бойынша Шерзод бірінші іріктеуде 15-орында болса, екінші кезеңде 19-шы сатыға тұрақтады.
Шерзод Хаширбаев, фристайл акробатикадан ұлттық құрама мүшесі:
- Бұл – менің алғашқы Олимпиадам. Барымды салдым. Жанкүйерлерге мың алғыс!
Олимпиада ойындарында 16 ақпан күні Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері спорттың үш түрінен өнер көрсетеді. Слалом бағдарламасына тау шаңғышысы Захар Кучин шығады. Шаңғышылар Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина классикалық стильде командалық спринтте финалға шығуға тырысады. 1 500 метр қашықтыққа өткен ширек финалда ел намысын шорт-трекші Ольга Тихонова қорғайды.
Еске сала кетейік, Бейжіңде өтіп жатқан қысқы ойындарда Қазақстан намысын 34 спортшы қорғап жатыр. Олимпиада 20 ақпанға дейін жалғасады.