Елордалық «Ikomek 109» орталығына референдум бойынша 7 мыңнан астам өтініш келіп түсті

Соңғы тәулікте елордалық Ikomek-109 байланыс орталығына осы текті  қоңыраулар әдеттегіден көбірек түскен. Жалпы республикалық референдум мәселелері бойынша ғана операторларға қаланың бір жарым мың тұрғыны жүгінді. Атап айтсақ, адамдарды 5 маусымда өтетін саяси науқанда өздерінің дауыс беру учаскелері, олардың жұмыс кестесі сынды ақпарат қызықтырады. Шаһар тұрғындары тәулігіне 24 сағат бойы үздіксіз онлайн режимінде жұмыс істейтін орталық операторларынан тегін ақпарат ала алады.

Асқар Таксимов, Нұр-Сұлтан Қ. «Ikomek 109» мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Басшысының міндетін атқарушы:

– Негізінен референдум дегеніміз не? Мен неге дауыс беруім керек? Менің жеке сәйкестендіру нөмірім қандай?  Мекен-жайын білу үшін қайда жүгіну керек және  қай учаскеге жатамын деген сұрақтар өте көп. Колл-орталық операторларының осындай сауалдарға қатысты базалық білімдері бар. Біз әр қоңырауға ждауап беріп, референдум деген не, оған қатысу үшін қайда жүгіну керек және қай жерлерде учаскілер орналасқанын түсіндіреміз.  Жалпы, Ikomek байланыс орталығынан басқа бізде басқа да сервистер бар, бұл Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми веб-порталы, nsreferendum.kz, referendum.gov.kz, бұған қоса ns_referendum_bot  телеграмм чат-боты, сонымен қатар Smart Astana мобильді қосымшасы және Ikomek-109 байланыс орталығы бар.

Жалпы, 17 мен 31 мамыр аралығында елордадалық 109 нөміріне жеті мыңнан астам қоңырау тіркелген. Осылайша, байланыс орталығы мамандарының дерегінше, күніне орта есеппен 500 өтініш келіп түседі. Ал бұл референдум өткізу туралы хабарланғанға дейінгі көрсеткіштен  бес есе көп. Сондай-ақ, саяси науқанға қатысамын деушілерді ақпараттандыру үшін қазақстандық екі банктің мобильді қосымшаларында арнайы сервистер іске қосылды.

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов