Қазақстанда «Ұлы дала жорығы» атты бірегей ат спорты марафоны-бәйгесі өтуде. 20 шабандоздар командасы Сарыарқаның төсі – Астанадан Түркістанға бет алып, 1300 шақырымға созылған сайын дала төсін бағындырады. 14 күндік марафон барысында 20 команда Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын кесіп өтеді. Бәйге 19 қыркүйекте еліміздің рухани астанасында өз мәресіне жетеді. Айта кетейік, марафон-бәйге VI ұлттық спорт түрлерінен фестиваль аясында екінші рет өткізілуде. Жарысқа қатысушыларды Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов құттықтап, сәттілік тіледі.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы:
-Төл мәдениетімізді дәріптеп, ұлттық спортты дамыту мемелекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты назарында. Өздеріңіз білесіздер келер жылы мелекет
басшысының қолдауымен Қазақстан V дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Бұл
байрақты бәсекені Қазақ даласында өткізу мемлекетіміз үшін үлкен жауапкершілік.
Бүгінгі фестиваль сол көшпендіре ойынының бастауы деуге болады.
Төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан
фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 1300-ден астам спортшы
қатысуда. Олар спорттың он бір түрінен сынға түседі. Жеңімпаздардың есімдері 11
қыркүйекте белгілі болады.