Қазақстанның 14 университетінде Google-мен бірлескен жасанды интеллект сауаттылығы курстары ашылды. Тырнақалды жобаны келер жылдан еліміздің барлық ЖОО ендіру көзделіп отыр. Бұл жөнінде елордада өтіп жатқан Nobel Fest аясында ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Осы жасанды ақыл-ой тақырыбы биылғы шараның да өзегіне айналды. Яғни, жаһандық инновация, ғылым және білімді кеңге қолжетімді ету. Ғылыми фестиваль әдеттегідей Нобель сыйлығының лауреаттары, әлемнің жетекші ғалымдары мен стартап жобалардың басын біріктірді. Бұл жолы да тәжірибелі сала сарапшылары тұрақты даму мақсаттары және климаттың өзгеруіне қатысты жаһандық мәселелерді айналып өтпеді. Қазақстандық шараның тұрақты әрі белсенді қадірменді қонақтарының бірі – Nobel сыйлығының лауреаты, климат және тұрақты даму бойынша сарапшы Рае Квон Чунг. Фестиваль аясында әлемге әйгілі ғалым елімізбен тығыз қарым-қатынас орнатқан.
Рае Квон Чунг, Nobel
сыйлығының лауреаты, климат және тұрақты даму бойынша сарапшы:
- Егер де
климаттың өзгеруіне қарсы еш әрекет
жасалмай, кешенді шаралар қолданылмаса, онда Қазақстан мен Орталық Азия өңірі де
бірқатар күрделі мәселеге тап болуы мүмкін. Бұл жаһандық деңгейдегі мәселені
шешудің бірден-бір жолы – ол елде жасыл тарифтер еңгізу. Мен осы ұсынысты алға
тартып отырмын. Баламалы қуат көзі немесе жақсылап өңделген су алу үшін шығын
көбірек кетеді. Бірақ оның экологияға оң әсері мол болады. Осыны үкімет ескеру
керек.
Дәрия
Қожамжарова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің
ректоры:
-Рае Квонг
Чунгпен бірлесе сөйлесе келіп қазіргі таңда оңтүстікте болып жатқан жасыл
экономикаға байланысты және әлемаралық жылымық мәселесіне байланысты
ғылыми-зерттеу орталығын ашып, ол сонда жұмыс жасап жатыр.