Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы өткен жылы 37 жарым млрд долларға жуықтады. Ал, мемлекеттердің жалпы ішкі өнім көлемі 4,5%-ға артты. Бұл туралы ел Премьер-министрі Душанбе қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер үкіметтері басшылары кеңесінің отырысында айтты. Олжас Бектенов экономиканың басым бағыттарын дамыту бойынша бірқатар бастама көтерді. Мәселен, электронды сауданың әлеуеті зор. Қазақстанда өткен жылы e-commerce көлемі 6,2 млрд долларды құрады. ТМД-да электронды сауда әлеуетін арттыру үшін инфрақұрылымдық базаны дамыту, тұтыну құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру қажет. Сонымен қатар, цифрлық, көлік-транзиттік, ауыр және жеңіл өнеркәсіп саласында ынтымақтастықтың әлеуеті бар. #Душанбе #Олжас Бектенов #ТМД Веб-редактор: Нұрбек Балгүл Қайрошқызы 1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба? Иә Жоқ Күнделікті қолданамын Спасибо за участие! Сондай-ақ Қ. Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысын қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың хатына жауап жолдады Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді Қазақстан – Оман: ынтымақтастық көкжиегі кеңеюде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады Президент Саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті