Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия халқын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия халқын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрияның Федералдық Президенті мен халқын Аустрия Республикасының ұлттық күнімен құттықтап, толайым табыс пен құт-береке тіледі. Мемлекет басшысы Александр Ван дер Белленге құттықтау жеделхатын жолдады. Онда Қазақстанның Еуропа кеңістігіндегі сенімді серіктесінің бірі саналатын Аустриямен дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы көпжақты ынтымақтастық алдағы уақытта нығая түсетіні айтылған.