Этникалық элементтермен өрнектелген картина салатын алматылық суретші

Этникалық элементтермен өрнектелген картина салатын алматылық суретші

Алматылық суретші этникалық элементтермен өрнектелген «шынайы» картиналар салады. Дәстүрлі ою-өрнектері бар портреттер туындыға ұлттық рең береді. Динара Осман әсіресе, әйелдер бейнесін салудың шебері. Бұл, оны күн сайын шабыттандыратын сүйікті тақырыбы. Ұлттық киімдегі, әшекейлер таққан әдемі қыздар бейнесі оның кенеп картиналарының басты кейіпкерлері. Осындай жұмыстарының бірі - «Бұршақтағы ханшайым». Оны автор санаулы күннің ішінде салып бітірген. Суретші әсіресе, көзге үлкен мән береді - оларды мұқият салады. Динара көз адамның жан дүниесінің көрінісі екеніне сенімді. 

Динара Осман, Суретші: 

- Сурет сала бастағаннан шабыттанасың, соның жетегінде уақытқа қарамастан сурет сала бастайсың. Мен қазақтың бай этномәдениетін танытқым келеді, оның расымен айтары мол. Жұмыстарымды отандастарымыздың тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де сатып алатындары қуантады. Осылайша маған өнерімізді сақтауға және танытуға жәрдем береді. Еліміз жайында көп дүние айтуға болады, бізде ұлан-ғайыр дала да, тау да, көркем табиғат, жыл мезгілдерінің барлық көрінісі де бар, мені шабыттандыратыны да осы.  

Алматылық суретші өз жұмыстарында түрлі техникаларды қолданады. Оның әр картинасы ерекше. Жиырма жылдың ішінде ол 500-ге жуық картина салған. Динара Осман өз туындаларын әлеуметтік желілердегі парақшасында жариялайды, ал оқырмандары оған әрбір картинаға атау таңдауда көмектеседі. Суретшінің ұлдары да анасымен бірге сурет салғанды ұнатады.  

Даниял Рүстембеков, Д.Османның ұлы: 

- Мен кейде анаммен бірге сурет саламын. Ұйқыдан оянып, қонақ бөлмеге барсам, түні бойы салынған дайын картина тұрады, маған осы көрініс қатты ұнайды. 

Динара Османның картиналары Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Дубайдағы жеке коллекцияларда бар. Алматылық суретшінің арманы - Париждің Лувр мұражайында өз туындыларын көру. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?