Әлемдік анимация жауһарлары қазақ тілінде прокатқа шығады. Жақын күндері Қазақстан кинотеатрларында DISNEY-дің үш бірдей туындысы көрсетіледі. Олар жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдегі нұсқасын дайындайды. Бұл жолы компания «Ойжұмбақ 2» «Моана 2» және «Муфаса: Арыстан патша» мультфильмдерінің кейіпкерлерін қазақша сөйлетуді ұйғарған.
«Қазақ тілі» қоғамы жаһанға танымал киноөндіріс мамандарының туындыларын отандық көрермендерге насихаттауға атсалыспақ. Бұл дубляж бұрыңғыдан өзгерек. Себебі қазақстандық аударма ісінің шеберлері ұмыт қалған сөздерді қайта жаңғыртпақ. Мамандар мультфильмдерді халық қазір сирек қолданатын байырғы мағыналы сөздермен толықтырған.
Шах-Мұрат Ордабаев, дубляж режиссері:
– Тіл мәселесі біз үшін өте маңызды. Жаңадан қосылған Енжарлық сияқты кейіпкердің есімін көп көрермен білмейді, қазақы сөздерді түсінбейді. Біз осы мүмкіндікті пайдалана отырып, 1,5-2 сағаттық фильмде көпшілік біле қоймайтын, оның орнына орысша сөзді пайдаланып кететін сөздерді ұсынамыз. Егер фильмнен шыққан бүлдіршін енжарлықтың не екенін біліп, оны сәтті қолдана алса, демек, қазақша дубляждың кішігірім болсын миссиясы орындалды деген сөз.